×
434.07
494.45
5.66
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
434.07
494.45
5.66

$0,21-$11,29: Қазақстандағы және әлемдегі ақылы автотұрақтар

20.12.2021, 11:43
Фото: ашық дереккөз

Әлемде барлығына тегін автотұрақ ұсына алатын қала жоқ шығар. Сұраныс жоғары, бірақ тұрақ орындары аз жерлерде билік шектеулі және ақылы тұрақ аймақтарын ұйымдастырады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Picodi.com сарапшылары әлемдегі 48 астана мен ірі қалалардағы автотұрақ құнын, сондай-ақ белгілі бір аймақ тұрғындары үшін автотұраққа арналған жеңілдіктерді зерттеді.

Осы зерттеу аясында біз ақылы аймақтағы жұмыс күні тұрақ құны бір сағат үшін қанша екендігін және ақылы тұрақ аймағы тұратындар үшін жазылым бағасы қанша екендігін салыстырдық.

Ақылы автотұрақтың бір сағаттық құны

Рейтингке енген барлық қалалардың ішінде ең қымбат автотұрақ Ұлыбритания астанасында тіркелген. Лондонда бір сағаттық тұрақ құны –11,29 доллар. Амстердамның дәл ортасында көлікті қалдыру $8,55, ал Норвегия астанасы Ослода $8,57 тұрады.

Бір сағаттың бағасы аудандағы тұраққа деген сұранысқа байланысты. Әдетте, орталықтан неғұрлым алыс болса – соғұрлым арзанырақ.

Нұр-Сұлтан ақылы тұрақ құны аумақтық аймаққа байланысты емес қалаларға жатады. Мұнда бір сағат тұрақ құны 100 теңге (0,23 доллар). Алматыда да ақылы автотұрақтың бір сағаттық құны – 100 теңге.

Ереванда ақылы автотұрақ бағасы өте арзан. Армения астанасында ақылы автотұрақтың бір сағаттық құны бар болғаны 0,21 доллар.

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ қалаларындағы ақылы автотұрақтар

Рейтингке Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың бес қаласы кіреді. Бұл қалаларда ақылы қалалық автотұрақ ұйымдастырылған.

Ең қымбат бір сағаттық тұрақ Тбилисиде тіркелген, бұл жақта бір сағатына $0,96 алады. Бішкекте бір сағат тұрақ үшін 0,29 доллар, Нұр-Сұлтан мен Алматыда 0,23 доллар төлеуге тура келеді. Автотұрақтың сағатына ең төменгі құны 0,21 долларды құрайды. Бұл бағаны Ереваннан табуға болады.