×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды

Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды

Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор қызметкерлері Ұлытау облысының экология департаментінің басшысы Дастан Тлеубековті ұстағаны белгілі болды. 

МӘН-ЖАЙ

Шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпаратты Ulysmedia дереккөздері растады. Тлеубеков жер қойнауын пайдаланушыға жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін «BASS Gold» компаниясынан 2,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

ҚОСЫМША

Айта кетейік, Дастан Тлеубеков 2022 жылдың қыркүйегінен бері Ұлытау облысының экология департаментінің басшысы қызметін атқарды. Ол бұған дейін Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Экологиялық сараптама және рұқсат беру басқармасының басшысы болған.

BASS Gold (бұрынғы Форпост) - алтын өндірумен айналысатын компания. Оның активтеріне Үшшоқы (Ұлытау) және Чинасыл-сай (Алматы облысы) алтын кен орындары кіреді. BASS Gold негізін қалаушылар – Шыңғыс Сәдуақасов пен Ерлан Тасболатов.

Экология департаментінің міндеттеріне қоршаған ортаның жай-күйін бақылау, экологиялық бақылау және қызметке рұқсат беру кіреді.