×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Малика Бектұрова «Green Mine» компаниясын басқаратын болды

20.12.2021, 13:24
Малика Бектұрова «Green Mine» компаниясын басқаратын болды
Фото: Ашық дереккөзден

Малика Бектұрова бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл жөнінде Ербол Еділов жазды. Оның хабарлауынша, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болған Малика Бектұрова «Green Mine» компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалған.

«Green Mine» - техногенді минералдық қалдықтарды қайта өңдейтін компания.

Малика Бектұрлва – Парламент сенатының экс-депутаты Ерлан Нығматуллиннің қызы. АҚШ-тағы Кентукки, Корей даму институтын бітірген. Магистр дәрежесін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінен алған. Әр жылдары қаржы, индустрия және сауда министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарған. 2016 жылы Астана әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.