×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

Қазақстанның үш облысында жол жабылды

Қазақстанның үш облысында жол жабылды
Фото: Мерей Қайнарұлы

Үш өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр.    

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

- 9 қаңтарда сағат 10:30-да Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 130-200 шақырым аралығында  (Торғай ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. 9 қаңтар сағат 13:00-де жолды ашу жоспарланған. 

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

- 9 қаңтар сағат 10:30-да Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 130-200 шақырым аралығында  (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.

- 9 қаңтар сағат 10:30-да Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы автожолының 1206-1367 шақырым аралығында  (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.  9 қаңтарда сағат 13:00-де жолды ашу жоспарланған. 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

- 9 қаңтар сағат 11:00-де Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 195-248 шақырым аралығында  (Мақар ауылынан РФ шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.

- 9 қаңтар сағат 11:00-де Орал-Тасқала-РФ шекарасы автожолының 4-104 шақырым аралығында  (Орал қаласынан РФ шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 9 қаңтарда сағат 17:00-де ашу жоспарланған.  

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.