×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

Путин Әлиевпен екі рет сөйлесіп, кешірім сұраған

Путин Әлиевпен екі рет сөйлесіп, кешірім сұраған

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Embraer 190 әуе кемесінің Ақтау маңында апатқа ұшырауына байланысты Кремльдің ұстанымын тағы да түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz report.az сайтына сілтеме жасап.

Песковтың журналистерге мәлімдеуінше, Ресей тиісті комиссия жұмысының нәтижелерін күтіп отыр және “тергеудің объективті әрі бейтарап өтетініне мүдделі”.

Сондай-ақ, Песков Ресей президенті Владимир Путиннің кешірім сұрағанын айтты.

ПЕСКОВТІҢ ТҮСІНДІРУІ

– Президент Путин мен президент Әлиев екі рет телефон арқылы сөйлесті. Тергеу органдарына қажетті тапсырмалар берілді, осы апаттың себептерін тергеуге барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде. Президент Путин кешірім сұрап, өкініш білдірді, – деп атап өтті Песков.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.