×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Бүгін, 18:37
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Ulysmedia коллажы

Қазақстанның 36 энергетикалық компаниясы электр энергиясына тарифтерді көтеруді сұрап өтініш түсірді. Егер бұл өтініш мақұлданса 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап электр қуаты қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті бағасын көтеретін заң жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, бұл туралы Қазақстанның энергетикалық компаниялары өз шығындарының өсуіне байланысты осындай өтініш білдіріп отыр.

БАҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ӨЗГЕРЕДІ  

Тарифтерді түзету электр энергиясының құнын кВт/сағ үшін шамамен 2 теңгеге арттыру сұралған.

ТАЛҚЫ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР 

Қазір энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдері қарау сатысында тұр. Барлық ұсыныстар тұтынушылардың мүдделері мен саланың тұрақты даму қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін мұқият талданады, - делінген құжатта.

ТАРИФТЕР  

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда электр энергиясын өндіретін және сататын компаниялар үшін тарифтер белгіленді.

Бұған дейін энергетика министрлігі тарифтерді түзету бастамасы электр энергиясын өндіруге арналған базалық шығындардың ұлғаюымен байланысты екенін түсіндірді. 

Еске сала кетейік, 2024 жылы 17 желтоқсанда Қазақстан үкіметі электр энергиясына тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіткен еді.