×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

9 жасар қызды “жынын шығарамыз” деп қинаған: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

Бүгін, 19:34
9 жасар қызды “жынын шығарамыз” деп қинаған: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады
Ulysmedia коллажы

Оқу-ағарту министрлігі 9 жастағы қыздан "жынды шығарып" жатқандардың видеосына байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Оқиға Атырау облысында болған.

Мұндай оқиғаға мүлде жол беруге болмайды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта балаға оқиғаның салдарын барынша азайту мақсатында кәсіби психологиялық көмек көрсетілуде, – дейді министрлік.

Оқиға орнында балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр. 

Баланың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өту маңызды. Министрлік Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен нормаларды сақтау қажеттігін еске салады, – деп ескертті ведомство.

Әлеуметтік желіде тараған видео қызу талқыға түсті. Видеода жерде қолы байлаулы жатқан қызды екі адам ұстап тұрғанын көруге болады. Балаға 19 жастағы Ләззаттың "аруағы" кіріп кетіпті-міс.

Өзін емшімін деп атайтын Кейқуат Оспанов сұрақ қойып, оған бала емес, қыздың бойына кіріп алған "жын" жауап беріп жатқанына сенімді.