×
524.75
540.6
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.75
540.6
5.12

Жүйедегі ақау: қазақстандықтар салық төлей алмай жатыр

Жүйедегі ақау: қазақстандықтар салық төлей алмай жатыр
Ulysmedia коллажы

Қазақстандықтар 10 қаңтарда күні бойы кедендік төлемдер мен салықтарды төлей алмай жатыр. Мемлекеттік кірістер департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ДЕПАРТАМЕНТ НЕ ДЕЙДІ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төлем жүйенің 20022 ISO халықаралық стандартына ауысу шеңберінде техникалық жұмыстар жүргізілетіне байланысты 2025 жылғы 10 қаңтарда сағат 12.00-ден 21.00-ға дейінгі кезеңде ОСДШ және БСАЖ ақпараттық жүйелері сервистерінің жұмыс тұрақсыздығы және кезең-кезеңімен қолжетімсіздік байқалатынын хабарлайды.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 10 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін АСТАНА-1 АЖ-нің сервистері қолжетімсіз болады.

АСТАНА-1 жүйесінде тауарларды уақытылы декларациялауды қамтамасыз ету үшін Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларды алдағы кедендік төлемдер мен салықтарды аталған уақыт кезеңіне дейін алдын ала төлеу қажет.