×
524.75
540.6
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.75
540.6
5.12

Мектеп оқушысы вейп шегіп, қайтыс болған

Мектеп оқушысы вейп шегіп, қайтыс болған
әлеуметтік желіден

Ресейдің Улан-Удэ қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды. Ол вейп шеккеннен кейін қайтыс болды деген болжам бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Mash телеграм арнасына сілтеме жасап.

НЕ БЕЛГІЛІ

Желіде тараған мәліметке сәйкес, оқушы қыз пәтердің жуынатын бөлмесіне кіріп, ұзақ уақыт шықпаған. Оның жағдайына алаңдаған туыстары есікті бұзып кіріп, еденде ес-түссіз жатқан күйін көрген. Оның жанында телефон мен вейп табылған.

Оқиға орнына келген полицейлер жасөспірімнің бөлмесінен тағы екі электронды шегу құрылғысын және стиктері бар Iqos тауып алған. Барлық табылған зат, сондай-ақ қыз қайтыс болар алдында тұтынған өнімдер зерттеу үшін тәркіленді.

САРАПТАМА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мектеп оқушысының өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталмақ. Тергеу комитеті абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда вейптерді сатуға, таратуға және елге әкелуге, сондай-ақ арнайы белгіленбеген орындарда вейп шегуге тыйым салынған.