×
528.52
539.14
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.52
539.14
5.17

Ақтөбеде тұрғындардың кепілге алынуы: полиция тың деректерді айтты

Ақтөбеде тұрғындардың кепілге алынуы: полиция тың деректерді айтты

Ақтөбенің полиция департаментінің өкілдері тұрғындардың кепілге алынуына қатысты тың деректер айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден кепілге алу туралы хабарлама келіп түскен.

МӘН-ЖАЙ

Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған, бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды.

Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды.

​Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.

ТЫҢ ДЕРЕК

Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. ​

Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ​Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Кінәлі адам заңның барлық қатаңдығымен жазаланатын болады, делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Ақтөбеде қаскүнем кепілге алған екі адам қаза тапқаны хабарланды.