×
530.24
543.97
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.24
543.97
5.16

Байзақта 8-сыныптың баласын ұрып өлтірген үш оқушы сотталды

Байзақта 8-сыныптың баласын ұрып өлтірген үш оқушы сотталды
istockphoto.com

Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын ұрып өлтірген үш оқушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айыпталған үш кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 293-б. 2-б. 1-т., 106-б. 3-б.; 28-б. 4-б. – 106-б. 3-б., 293-б. 2-б.)

СОТТА АНЫҚТАЛҒАНЫ

2024 жылдың 30 сәуірінде Байзақ ауданындағы Құмжота ауылында сегізінші сынып оқушысы қайтыс болды. Сотта айыпталушылар 8-сынып оқушыларын мектеп дәретханасында жинап, олардың айтқанына бағынуды талап етіп, кеуде тұстарынан бірнеше рет ұрған. Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болған.

ТАРАПТАРДЫҢ ПОЗИЦИЯСЫ

Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша:

  • Л.Н.-ға – 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру (ҚК-нің 293-б. 2-б. 1-т.,106-б. 3-б. ),
  • Л.Л.-ға - 8 жылға бас бостандығын айыру (ҚК293-б. 2-б. 1-т., 28-б. 4-б. – 106-б. 3-б.),
  • Т.-ға – 1 жылға бас бостандығын шектеу (ҚК293-б..2-б .1-т.) жазаларын тағайындауды сұрады.

Сотталушылар кінәларын ішінара мойындады.

ДӘЛЕЛДЕР

Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың кәмелет жасқа толмағандығын таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, Л.Н.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Л.Л.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Т.-ға - 1 жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.

Мемлекет кірісіне сот сараптамаларына жұмсалған процестік шығындар, жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем, сондай-ақ жәбірленуші тараптың пайдасына сотталғандар Л.Н.-нің заңды өкілінен 6 миллион теңге, Л.Л.-дің заңды өкілінен 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.