×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Өліп қалғанша, тойлауды қоя тұрған жөн – ДДСҰ басшысы

21.12.2021, 15:01
Фото: Ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемге тез таралып жатқан «Омикроннан» қорғану үшін адамдарды алдағы мерекелер жоспарын қоя тұруға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВВС орыс қызметі хабарлағандай, ДДСҰ басшысы халықтың меркелік басқосуларға бармағанын құп көреді.

«Өліп қалғанша, мейрамнан бас тартқан әлдеқайда жақсы. Сондықтан той тойлап, артынан қайғырғанша, мерекелеуді қоя тұрған дұрыс», – деді ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус Женевадағы брифингте.

Оның айтуынша, жаңа штамм әлдеқайда жылдам таралатындықтан, оны екпе алғандар да, әлсіз адамдардың да жұқтыру қаупі жоғары.

Сонымен қатар, ол биыл COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 2020 жылы АИТВ, безгек және туберкулезден қайтыс болғандар санынан асып түскенін жеткізді.

АҚШ билігі «Омикрон» штаммы күшейіп келе жатқанын және халықтың төрттен үші жұқтырғанын мәлімдеді. Кеше Техас штатында «Омикрон» жұқтырып, қайтыс болған алғашқы қайғылы оқиға тіркелді.

Серіктес жаңалықтары