×
530.24
543.97
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.24
543.97
5.16

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: депутаттар нормаға қарсы шықты

Бүгін, 13:01
Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: депутаттар нормаға қарсы шықты
Ulysmedia коллажы

Мәжіліс депутаттар ішкі істер министрі Ержан Саденовке сауал жолдап, жол ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарды қайта қарау керектігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“БІЗДІ ҚОЛДАМАДЫ”

Ақ жол партиясының депутаттары былтыр әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қарсы шыққан. Сол кезде жауапты органдар бізді қолдамады дейді.

Сол кезде, біз, полицейлердің әңгімелеріне және олардың басшыларының кодексті бұзғаны және азаматтарға айыппұл салғаны үшін хаттамаларды рәсімдеу бойынша түсініксіз «нормаларды» белгілеу туралы талаптарына азаматтардың куә болғаны туралы мысалдар келтірген болатынбыз. Атап айтқанда, біз келтірген әлеуметтік желілердегі сілтемеде, онда әрбір Аудандық ішкі істер бөлімдері күніне кемінде екі жүз айыппұл, ал кезекшілікке шыққан әрбір полицей күніне кемінде бес айыппұл салуы тиіс деген тапсырмалар айтылған бейнежазба бар, – дейді Серік Ерубаев

Оның айтуынша, соңынан мұндай дауыстық және бейне хабарламалар бірнеше рет пайда болған. Депутаттардың айтуынша, мұндай талаптар заңға біржақты қайшы келеді, олар азаматтардың құқықтарын анық бұзады және Конституцияға қайшы келеді деп санайды. ІІМ өкілдер әкімшілік хаттамалар жасауға сандық нормативтерді белгілеу практикасын қолдануды жоққа шығарады. Жоғарыда айтылған баяндамада да, осы сауалда да нақты фактілер келтірілген, бірақ олар туралы қандай да бір реакция туралы депутаттарға беймәлім.

МЫСАЛДАР

Ерубаев мәселен, Telegram әлеуметтік желісінде орналастырылған, полиция қызметкерлері азаматты ұстағаны жөнінде бейнетаспада, полиция қызметкерлерінің рациясынан «әкімшілік хаттамаларды рәсімдеу бойынша жұмысты барынша күшейту» командасы анық естілетінін айтты. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша тексеру жүргізілген. Алайда қазір жарияланған бейнетаспаның шынайылығын немесе жалғандығын растайтын қызметтік тергеу нәтижелері туралы белгісіз.

Негізсіз айыппұлдарды қолданудан ең алдымен кәсіпкерлер мен көлік жүргізушілері зардап шегетіні баршаға мәлім. Бір мысал ретінде, кең резонанс алған, тұрақта қозғалтқышы бес минуттан астам жұмыс істеп тұрғаны үшін айыппұл салу белсендігін келтіруге болады. Бұндай санкция кәсіпкерлер үшін үлкен проблема тудыруда, мысалы, тауарларды үй жанындағы дүкендерге тиеу және түсіру кезінде, әдетте, бөлінген бес минуттан көп уақытты алады, ал қозғалтқышты минус 20 градус немесе одан да көп температурада өшіру мүмкін емес. Жалпы алғанда, орталық және солтүстік аймақтарда қатты аяз болған кезде, машинаны жылытуға 5 минуттан көп уақыт кететіндігі анық, – дейді ол.

ДЕПУТАТТАР НЕ ҰСЫНАДЫ

Мәжілісмендердің ұсынысы мынадай: 

  • осы сауалда баяндалған нақты мысалдар бойынша тексеру жүргізу;
  • жоғары тұрған полиция бастықтарының азаматтарға жаппай айыппұл салу туралы талабы бар бейнетаспаның шынайылығы жөнінде ресми түрде хабарлау;
  • ІІМ жүйесінде өз қарамағындағыларға осындай тапсырмалар берген басшылар анықталғаны және олар қандай жауапкершілікке тартылғаны туралы мәлімет беру;
  • аймақтардың температуралық режимі мен климатын ескере отырып, жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы бар тұрақ туралы норманы қайта қарау, және де зиянды шығарындыларды азайту бойынша баламалы және неғұрлым әділ шараларды пысықтау.