×
529.7
545.96
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.7
545.96
5.17

Meta қазақ әндерін Instagram-ға қайтармақ ниетте

Meta қазақ әндерін Instagram-ға қайтармақ ниетте
Ulysmedia.kz коллажы

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Instagram-нан қазақ әндерінің жойылып кетуіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жақселекованың айтуынша, Instagram-ға иелік ететін Meta компаниясы қазақстандық әртістердің мүддесін қорғайтын авторлық құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Себебі 2025 жылға арналған келісімшартты қайта қарау кезінде проблема туындаған. Жақселекованың сөзінше, келіссөздер әлі жүріп жатыр, алайда олардың қашан аяқталатыны белгісіз.

Бұл – өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен Instagram арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар болғандықтан Әділет министрлігі бұл келіссөздерге араласпайды.

- Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, бұл жағдай қоғамда, соның ішінде Instagram қолданушылары арасында үлкен резонанс туғызғанын ескере отырып, Meta компаниясына жүгінгенбіз. Олар келісімшарт талаптарын жариялай алмайтынын, бірақ жақын арада ортақ келісімге келеді деп үміттеніп отырғанын айтты, – деді Жақселекова.

Еске салайық, былтыр желтоқсанның басында Instagram-нан қазақ әндері жойылып кеткен. Ол кезде Ботагөз Жақселекова Мeta музыка авторларымен авторлық құқықты басқаратын ұйымдар арқылы ынтымақтасатынын айтқан еді. Қазақстанда мұндай ұйым Meta-мен келісімшартты ұзарту шартын келісе алмаған. Мәселе тарифтер мен төлемдер мөлшеріндегі даудан туындаған.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕРІ НЕ ДЕЙДІ

Алматыда «Қазақстан авторлық қоғамы" РҚБ Instagram желісінен қазақстандық әртістердің әндері жоғалып кетуіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізген. "Қазақстан авторлық қоғамы" Мета компаниясымен 2022 жылы жасалған келісімшарт мерзімі аяқталғанын, оны созу кезінде қазақстандық авторларға роялити төлеу мәселесі бойынша ортақ келісімге келе алмағанын айтады.