×
529.7
545.96
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.7
545.96
5.17

Сот Тоқмәдидің өтінішін қараусыз қалдырды

Сот Тоқмәдидің өтінішін қараусыз қалдырды
Ulysmedia.kz коллажы

Сот Мұратхан Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Адвокаттарымыздың пікірінше, жақын уақытта Мұратхан Тоқмәди сотқа жаңа өтініш түсіреді. Келесі сот отырысынан кейінгі шешімге сәйкес Тәтішевтер отбасы мүшелері мен адвокаттары міндетті түрде пікір білдеретін болады, дейді Тәтішевтердің отбасының өкілі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Былтыр қыркүйекте Алматы облыстық сотында Мұратхан Тоқмадиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі апелляциялық сатының үшінші отырысы өтті. Сот оны босату жөнінде шешімнің күшін жойды. 

Бірінші сатыда Қонаевтағы сот Тоқмадидің колониядан шығуға құқығы бар деген шешім шығарған. 9 тамызда бұл ақпарат көпшілікке белгілі болды, содан кейін жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірген.

2018 жылы Мұратхан Тоқмади банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға сотталған. Сот шешіміне сәйкес, 2004 жылы ол Мұхтар Әблязовтың тапсырысы бойынша кәсіпкерді атып өлтірген.