Семейдің Қарағайлы шағын ауданындағы су құбырындағы апаттық жағдай болып, жүздеген тұрғын сусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
16 қаңтарда сағат 23:22-де Қарағайлы, 44 мекенжайындағы тұрғындардан су құбырының жарылғаны және салдарынан ауыз судың өшірілгені туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына «Семей Водоканал» МКК кезекші топ авариялық жағдайдың себептерін анықтап, салдарын жою үшін жедел түрде жетті. Сондай-ақ Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов дереу оқиға орнына барып, авариялық жағдайды жою жұмыстарын жеке бақылауына алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, авария диаметрі 300 мм су құбырында болған.
Апатты жоюға 2 техника бірлігі және 5 қызметкер жұмылдырылды.
ТҰРҒЫНДАР СУСЫЗ ҚАЛДЫ
17 қаңтар сағат 01:00-де бірнеше нысанда су беру қалпына келтірілді. Қазір 5 көпқабатты тұрғын үйге (346 абонент) сусыз қалған. Әкімдік мәліметінше, қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.