Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімді түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 15,25% деңгейінде +/- 1 пайыздық тармақ шегінде сақтау туралы шешім қабылдаған болатын.
МӘН-ЖАЙ
Ұлттық банк мәлімдемесінде, шілде айындағы үдеуден кейін жылдық инфляция тамыз және қыркүйек айларында баяу төмендеуді жалғастырғанын атап өтті.
– Айлық инфляция орташа тарихи көрсеткіштерден және көктем мен жаздың басындағы деңгейлерден жоғары қалыптасып отыр. Инфляцияның тұрақты бөлігі төмендеуде, бірақ жеткілікті жылдамдықпен емес. Қыркүйек айында халықтың инфляциялық күтулері артты. Сыртқы ортадағы тәуекелдерге әлемдік нарықтағы азық-түлік бағасының өсуі және Ресейдегі жоғары инфляция жатады, – делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім шығарған болатын.