×
530.12
546.08
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.12
546.08
5.17

Қазақстанда күннің көзі +7 °C дейін жылиды

19.01.2025, 08:48
Қазақстанда күннің көзі +7 °C дейін жылиды
Жасанды интеллект / Ulysmedia

"Қазгидромет" жексенбі, 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада құбылмалы бұлтты болады, аздап қар жауады, бұрқасындатып, 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -3...-5°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +5…+7°C.

Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр, қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C.

Ақтөбеде күн бұлтты, жаңбыр, қар, көктайғақ, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз 0…-2°C.

Атырауда күн бұлтты, жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C.

Жезқазғанда күн бұлтты, қар жауады, бұрқасын, кей жерлерде тұман түседі, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1...+1°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, аздаған қар, бұрқасын, жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1...-3°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -5...-7°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +1...+3°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -4...-6°C.

Қызылордада күн бұлтты, өткінші жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, бұрқасындатып, 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -5...-7°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -5...-7°C.

Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -3...-5°C.

Талдықорғанда күн бұлтты, жаңбыр, қар жауады, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +2…+4°C.

Түркістан қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +5...+7°C.

Орал қаласында күн бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз 0…-2°C.

Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз -1...-2°С.