Сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Жер асты дүмпулерін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ҰБТКМ» АҚ сейсмикалық стансалар желісі 19 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 11:30-да тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан.
“Жер сілкінісінің координаттары: 41.202 N. 80.387 Е Есептелген қарқындылық (ұпаймен) болды: сезілу мүмкін емес”, делінген хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, 11 қаңтар күні Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінген еді.
Ал былтыр желтоқсан айында сейсмологтар елдің шығысында жер сілкінісін тіркеді.
9 желтоқсанда сейсмикалық стансалар желісі Түркістан облысында жер сілкінісін тіркеді. 4 желтоқсанда Маңғыстау облысында жер сілкінді.