×
530.12
546.08
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.12
546.08
5.17

Айыппұл жинаудың амалы ма: ҚазАвтоЖол тас жолдағы өзгеріске қатысты түсінік берді

Айыппұл жинаудың амалы ма: ҚазАвтоЖол тас жолдағы өзгеріске қатысты түсінік берді
ulysmedia.kz коллажы

ҚазАвтоЖол Алматы-Қорғас тас жолындағы өзгеріске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

 

Әлеуметтік желіде жолдағы жылдамдыққа наразы болған жүргізушінің видеосы тарады. 

 – Алматы-Қорғас бетон жолы. Жол бойына жылдамдық сағатына 70 пен 90 шақырым деп белгіленген. Бұл мемлекет қазынасын толтырып, айыппұл жинаудың тағы бір жолы болып тұр ғой. Барлық жол бойына жылдамдық өлшегіштер қойылған. Олар орташа жылдамдықты нақты есептеп, айыппұл салады, дейді видео авторы. 

ҚАЗАВТОЖОЛ НЕ ДЕЙДІ

Бұл видеоға қатысты ҚазАвтоЖол өкілі пікір білдірді. 

- “Алматы-Шелек-Қорғас” автожолында 3.24 «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» (сағатына 90 шақырым және 70 шақырым) жол белгілері Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңының 23-бабы аясында орындауға міндетті нұсқауларға сәйкес орнатылған. Бұл нұсқаулар Алматы облысы әполиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен берілген, дейді ведомство өкілдері Ұлысмедиа тілшісіне берген жауабында. 

ҚазАвтоЖол өкілі жолдағы жылдамдықты ҚазАвтоЖол емес, полицейлер қоятынын атап өтті.