Швейцарияның Давос курортында Дүниежүзілік экономикалық форум өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Oxfam қайырымдылық бірлестігі Берлинде әлеуметтік теңсіздік туралы жыл сайынғы есебін жариялады.
Дүние жүзінде аштыққа ұшырағандар саны 733 миллионға жеткенімен (2019 жылмен салыстырғанда 152 миллионға көп), тағы бір көрсеткіш күрт өскен. 2024 жылы миллиардерлер саны 204-ке ұлғайып, 2769-ға жеткен.
Олардың жиынтық активтері 2023 жылы 13 триллион доллардан 15 триллион долларға дейін өсті, деп жазады DW.
Бұл 2024 жылы дүние жүзіндегі миллиардерлердің жалпы байлығы 2023 жылмен салыстырғанда үш есе жылдам өскенін білдіреді, - делінген Oxfam баяндамасында.
Орташа алғанда, әрбір миллиардер күніне екі миллион долларға байыған.
Бұған дейін әлемдегі ең бай 500 адамның байлығы 10 трлн доллардан асты деп хабарланған болатын.