Ішкі істер министрлігі көлік иелеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АУА РАЙЫ НАШАРЛАЙДЫ
ІІМ мәліметінше, ауа райының нашарлауына боран, көктайғақ себеп. Қазір 15 облыстың 43 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілген.
Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-да шектеулер енгізілген.
ІІМ ҮНДЕУІ
Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елді мекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Қозғалысқа шектеу енгізілген нақты жол учаскелері туралы "ҚазАвтоЖолдың" ресми Telegram-арнасында, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар. Жолда сақ болыңыздар! - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін 21 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына Қарағанды облысындағы тас жолда мыңнан аса көлік кептелісте тұрып қалған болатын. Осыған байланысты полиция күшейтілген режимде жұмыс істеді.