Көлік министрлігі 2025 жылдың 26 қаңтарынан бастап Қызылорда – Арал жолы ақылы болатынын еске салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жолда стационарлық төлем бекеттері болмайды, өйткені қазіргі ақы алудың ыңғайлы "ашық" жүйесі қолданылады.
Шлагбаумдар болмағандықтан, көлік құралдары да кептелмейді. Бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады, - деп хабарлады министрлік.
ТӨЛЕМ
Жол ақысы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төленеді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін төлемнің 10-ға жуық тәсілі қарастырылған: интернет-банкиң арқылы, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар арқылы, телефон балансы арқылы, E100 отын картасы бойынша төлем, сондай-ақ заңды тұлғалар үшін шарт ресімдеу.
Жеңіл көлік иелері Қызылорда-Арал жолын тегін пайдалана алатынын атап өткен жөн. Жергілікті тұрғындарға ыңғайлы болу үшін айлық және жылдық абонементтер қарастырылған, - делінген хабарламада.
Жол 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап ақылы болады.