×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

Алматыда «ақша бопсалады» деген айыппен екі блогер ұсталды

Бүгін, 09:50
Алматыда «ақша бопсалады» деген айыппен екі блогер ұсталды
скриншот

Ішкі істер министрлігі екі блогердің ұсталған сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстағаны жөнінде ақпарат таратты.

Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған, – дейді ресми нұсқада ІІМ.

Полиция ұсталғандарды “қаскөйлер” деп атап, олар “10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды” деп ақпарат таратты.

ҮШТӨБЕДЕГІ ОҚИҒА

Бір күн бұрын Жетісу облысының Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері жергілікті блогерді ұстағаны туралы ақпарат таратқан еді. Полицияның хабарлауынша, ол “қала тұрғындарына арналған үйлерді салумен айналысатын кәсіпкерден бұрын түсірілген сапасыз құрылыс туралы бейнероликті, әлеуметтік желідегі өз парақшасынан өшіру үшін және бұдан былай бейнематериалдарды жарияламауға әрі таратпауға уәде бере отырып, 10 млн теңге бопсалады” деген күдікке ілінген.