×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

Таиланд та, Вьетнам да көзден бұлбұл ұшты: Қостанайда 53 адам «турфирмаға» алданды

Таиланд та, Вьетнам да көзден бұлбұл ұшты: Қостанайда 53 адам «турфирмаға» алданды
Ulysmedia.kz коллажы

Қыста жылы жаққа ұшып кетпек болған қостанайлықтар алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қостанайда туристік агенттіктердің бірі полицейлердің назарына түскен. Себебі шетелге турларды брондаумен айналысқан компанияға клиенттер жаппай шағымдана бастаған.

53 АРЫЗ

Полицияға турлар үшін төлеген, бірақ уәде елге ұша алмаған адамдардан 53 арыз түскен. Қостанайлықтар Мысырға, Түркияға, Таиландқа, Вьетнамға және Қытайға баратын турларға тапсырыс берген. Жәбірленушілердің ішінде турды толық және жартылай төлегендер бар. 

Алайда, олар төлеген турларға тапсырыс берілмей, ақшалары да қайтарылмаған.

АЛДАНҒАНЫН ҰШАТЫН КҮНІ БІЛГЕН

Клиенттер турларды компанияның кеңсесіне барып, кейбірі телефон арқылы да брондап, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлеген. Бірақ алданғанын және ешқандай турға тапсырыс берілмегенін ұшатын күні бір-ақ білген. 

40 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Алдын ала есеп бойынша, залал шығындары – 40 миллион теңге. Компаниядағылар турлар өз құнымен сатылғанын, салдарынан проблема туындағанын мәлімдеген.  Ал полицейлер турлар брондалғанын растайтын қандай да бір құжат жоқ екенін анықтаған. 

ТЕРГЕУ

Екі және одан да көп зардап шеккендерге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті-жеке кәсіпкер ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр. Полиция зардап шеккендердің барлығынан осындай схема бойынша құқық қорғау органдарына жүгінуді сұраған.