×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Сыр елінде Желтоқсан құрбандарына ескерткіш ашылды

22.12.2021, 18:02
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Желтоқсан оқиғасының құрбандарына қойылған ескерткіш белгі Қызылорда облысы орталығының «Тағзым» алаңында ашылды. Жалпы тиісті өңірде Желтоқсан оқиғасына қатысқан 142 адам бар деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ескерткіш авторы - мүсінші Жаркен Исмағұлов.

«Желтоқсан құрбандарының рухына құран бағышталды», – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ескерткіш белгінің биіктігі 3,55 метр, табиғи гранит тастан, ортасында орналасқан жылқы бейнесі қоладан жасалған. Мүсінде тұлпар мінген жас қазақтың еркіндікке ұмтылып шауып бара жатқан сәті бейнеленіп, «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына мәңгілік тағзым» деп жазылған.

Серіктес жаңалықтары