×
522.42
543.89
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.42
543.89
5.28

Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: сот үкімі шықты

Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: сот үкімі шықты
Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданындағы Бесшоқы ауылындағы мектеп асханасында төрт қызметкер медициналық тексеріссіз жұмыс істеген. Қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Қазақпарат мәліметінше, айыпталушы қызметкерлер 5000 теңгеге жалған медициналық қорытынды сатып алғанын айтты. Жалған құжат бойынша жұмысшылардың медициналық тексеруден, флюрографиядан, дерматологиялық тексеруден, бактериологиялық тексеруден өткені және жұмысқа рұқсат етілген. 

СОТ ҮКІМІ

Оның біреуіне 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, қалғандарына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

НЕ БОЛДЫ

Еск салайық, 2024 жылдың 7 қыркүйегінде Бесшоқы ауылының №8 мектебінде балалар жаппай уланып, 1-4 сынып оқушылары зардап шеккені белгілі болды.

Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін Маңғыстау облысының Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөліміне хабарлама жіберілді.

Келесі күні, 8 қыркүйекте дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Екі баланың реанимацияда екендігі хабарланды. Жаппай улану фактісі бойынша «Абайсызда адамдардың жаппай улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Артынша бұл оқиғадан кейін еліміздің барлық мектебі тексерілетіні белгілі болды.