Fox News арнасының бұрынғы жүргізушісі Пит Хегсет АҚШ қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
BBC-тің хабарлауынша, әскери ардагер және бұрынғы тележүргізуші Пит Хегсеттің кандидатурасын сенат жұма күні кешке мақұлдаған.
Вице-президент Дж.Д.Вэнс Хегсеттің пайдасына шешуші дауысты үш республикашыл сенатор, соның ішінде сенаттағы көпшіліктің бұрынғы жетекшісі Митч МакКоннелл қарсы дауыс бергеннен кейін берді.
ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАР
Тыңдау барысында Хегсеттен өзіне тағылған жыныстық зорлық-зомбылық және алкогольді асыра пайдаланды деген айыптар туралы сұралды. Болжалды жәбірленуші бұған дейін 2017 жылы Хегсет тарапынан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген. Пентагонның жаңа басшысы барлық айыптауларды жоққа шығарды.
Еске сала кетсек, Дональд Трамп 2025 жылдың 20 қаңтарында АҚШ президенті қызметіне кірісті. 2023 жылы ол жыныстық қудалау бойынша кінәлі деп танылды.