×
521.6
534.27
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.6
534.27
5.25

Алматыдағы ірі бизнес орталығынан интернет-алаяқтардың call-орталығы табылды

25.01.2025, 13:41
Алматыдағы ірі бизнес орталығынан интернет-алаяқтардың call-орталығы табылды
Фото: Amnaj Khetsamtip / Shutterstock

Тәртіп сақшылары Алматының ірі бизнес орталықтарының бірінен интернет-алаяқтықпен айналысатын call-орталықты анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұны ұйымдастыруы мүмкін делінген Ресей азаматы күдікке ілінді, оның қоластында аталған кеңседе 24 қазақстандық жұмыс істеген.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаскөйлер әлеуетті клиенттерге телефон соғып, криптовалютаға инвестиция салуды ұсынып, крипто шоттарына ақша аударған соң, жәбірленушілердің қоңырауларына тосқауыл қойған.

«60 компьютер мен басқа да жабдықтар тәркіленді, оларға әртүрлі GSM шлюздері мен «Sim-Box» көмегімен интернет арқылы жасырын қоңырау шалуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі орнатылған», - деп хабарлады прокуратура.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктілердің кабинетінен клиенттердің мінез-құлқы мен жұмыс істеу алгоритмін – не айту керек, өзін қалай ұстау керек, әлеуетті құрбанды аға менеджермен байланыстырғанда қалай сөйлесу керектігі көрсетілген дайын сценарийлері бар жазу кітапшаларын тапты.

Бұл оқиға бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, зардап шеккендер мен келтірілген шығын анықталып жатыр.

Прокуратура қазақстандықтарды сақ болуға, күмәнді инвестицияға сенбеуге, банк картасының деректемелері мен кіру кодтарын бейтаныс адамдарға бермеуге шақырды. Егер сізде мұндай Call-орталықтың жұмыс істеу мүмкіндігі туралы ақпарат болса, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.