Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілер ағаш сататын сауда орнындағы өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Төтенше жағдайлар министрлігі Петропавлда ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында екі жүк көлігі тұрған жеке гаражда өрт шыққанын хабарлады.
– Өрт алдын ала 252 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.
Өрт сөндіру материалдардың жоғары жанғыштығымен күрделенді, бұл оттың тез таралу қаупін тудырды. Алайда өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт бақылауға алынып, оның одан әрі дамуына жол берілмеді.
Еске салайық, кеше, 25 қаңтар күні «Алматы Арена» аумағында өрт шыққанын жаздық. Кейін өрттен зардап шеккен үш бала ауруханаға түсті.