×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

«Қалаулымның» жұлдызы: Қаңтар оқиғасында ұсталған Бердах Бекетовке үкім шықты

27.01.2025, 11:27
«Қалаулымның» жұлдызы: Қаңтар оқиғасында ұсталған Бердах Бекетовке үкім шықты
Ulysmedia коллажы

"Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған, Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Бердах Бекетовке үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот үкімімен бірнеше бап бойынша ол 7 жылға сотталды.

Бердах Бекетов Қаңтар оқиғасында "жаппай тәртіпсіздік жасады" деп айыпталған еді. Полиция Бердах Бекетовті 2022 жылы 22 қаңтарда көшеден ұстап, алып кеткен. Оған "Жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Бердах Бекетов тергеу изоляторында отырып үш рет хат жазған. 25 қаңтардағы хатында прокурорлар сөзін тыңдамай жатқанын, азаптау көріп жатқанын жазып, көпшіліктен араша болуды сұраған. 2 наурыздағы хатында кінәсіз екенін жазып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша болуын сұраған.