×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Қазақстанда екінші АЭС референдумсыз салынады

28.01.2025, 14:16
Қазақстанда екінші АЭС референдумсыз салынады
Ulysmedia коллажы

"Қазақстанда екінші атом электр станциясы референдум арқылы салына ма?" деген сұраққа үкіметтің баспасөз орталығында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СӘТҚАЛИЕВ НЕ ДЕЙДІ

Қажеті жоқ. Тиісті заңнамаға сәйкес аталған атом электр станциясы үкіметтің шешімімен салынады, – деді Сәтқалиев.

ЕКІНШІ АЭС

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жақын арада Алматы облысында бірінші атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қойылатынын айтқан еді. Оның сөзінше, сондай-ақ екінші және үшінші атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын.

ҮШЕУ БОЛУЫ ДА МҮМКІН

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Жобалық кеңсенің қызметімен танысу барысында атом энергетикасын дамыту перспективасына да тоқталып, Қазақстандағы АЭС саны үшеу болуы да мүмкін екенін мәлімдеген еді. Еске сала кетсек, жуырда Франция Қазақстанға атом электр станциясын салуға дайын екенін мәлімдеді. 

Ал «Атом улаған дала» кітабының авторы, саясаттану ғылымдарының докторы, ядролық қауіпсіздік жөніндегі маман, Олбани университетінің (SUNY-Albany) Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова Қазақстанның АЭС салуда «Росатомды» серіктес ретінде таңдаса – қазіргі уақыт ең қолайсыз кезең деп есептейді. Бұл пікірді ол Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында айтты.