×
516.13
538.01
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.13
538.01
5.29

Үндістанда ондаған адам белгісіз аурудан қайтыс болды

Үндістанда ондаған адам белгісіз аурудан қайтыс болды
Фото: Depositphotos

Үндістанда кемінде 16 аадм белгісіз аурудан қайтыс болған. Марқұмдардың миы ісіп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Нindustan Тimes басылымына сілтеме жасап. 

МӘН-ЖАЙ

Адам өлімі Джамму мен Кашмир штаттарында тіркелді. Марқұмдардың барлығы үш отбасының мүшелері екені атап өтілді.

Жалпы 38 адамнан белгісіз ауру анықталған. Олардың барлығында бірдей белгілер бар: қызба, жүрек айну, әлсіздік. Қайтыс болған адамдардың миы ісіп кеткен. 

ЗЕРТТЕУ

Мамандар зерттеулер жүргізіп, үлгілерден вирустық немесе бактериялық инфекциясы бар науқастарды таппады. Қорытындыларға сәйкес, аурудың тарауына токсиннің әсері болған, бірақ нақты қандай токсин екені анықталмаған.

КАРАНТИН

Бұған қарамастан, билік Джамму және Кашмир штаттарында карантин енгізді. Елді мекендердің аумағы шартты түрде үш аймаққа бөлінді, жергілікті тұрғындарға бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға тыйым салынды. Жергілікті халық тұтынатын барлық тағамды тексеретін офицерлер де тағайындалды.

Белгісіз аурудан адамдар қайтыс болған үйлер мөрленген.