×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

БАҚ пен әлжеліде жануарларға қатігездік жасалған видео жариялауға тыйым салынады

23.12.2021, 12:59
БАҚ пен әлжеліде жануарларға қатігездік жасалған видео жариялауға тыйым салынады
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жан-жануарларға қатігездік жасалған видеоны жариялауға тыйым салынады. Мұны Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешовтың өзі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң жобасында «жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттау және (немесе) шақыру, оның ішінде баспа, аудиовизуалды және өзге де хабарламалар мен материалдарды пайда немесе пайдасыз жасау, көрсету, таратуға» тыйым салынатыны жазылған. Яғни желіде жарияланған жануарларға зорлық-зомбылық фактісін тіркеген кез келген фото және бейнематериалдар бұл нормаға жатуы мүмкін деп болжауға болады.

Осы мәселенің мәнісін журналистер Сенат кулуарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешовтың өзінен сұрап көрді.

«Егер бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жануарларға қатыгездікпен қарау, оларға дене жарақатын салу фактілері нақты көрсетілсе, жауапкершілік қарастырылған. Заң жобасында бұл бар», - деді ол ары қарай түсініктеме беруден бас тартып.

Ал сенатор Мұхтар Жұмағазиев өз кезегінде ветеринарларға фото және видоефиксация рұқсат етілгенін мәлім етті.

«Жануарларға жасалған қатігездікті видео тарап кетсе, балалар да, денсаулығы жоқ адамдар да қарайды. Сондықтан менің ойымша, норма осыны ойлағандықтан енгізіліп отыр. Заңмен қабылданды. Жан-жақты зерттелді. Ешкім үндемеу керек деп айтпайды. Бірақ бұл видеолар қоғамға жағымсыз әсер етуі мүмкін», - дейді ол.