Алматыда ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған екі блогер екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПОЛИЦИЯ ПІКІРІ
- Сот бопсалады деген күдікке ілінген блогерлерді екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды, дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
БҰҒАН ДЕЙІН
23 қаңтарда Алматыда «ақша бопсалады» деген айыппен екі блогер ұсталған болатын.
Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстағаны жөнінде ақпарат таратты.
Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған, – дейді ресми нұсқада ІІМ.
Полиция ұсталғандарды “қаскөйлер” деп атап, олар “10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды” деп ақпарат таратты.