Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт 1 ақпаннан бастап АҚШ Канада, Мексика және Қытайдан келетін тауарларға ірі баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САЛЫҚТЫҢ КӨЛЕМІ
Мексика мен Канададан импортталатын тауарларға 25 пайыз салық салынса, Қытайдан келетін тауарларға 10 пайыз салық енгізілді.
Импортқа баж салығын енгізу АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың сайлауалды бағдарламасы кезіндегі ең негізгі пунктердің бірі болған.
Трамп шешімінде көрсетілген импорт Америка экономикасының маңызды бөлігі. АҚШ-тың мұнай өндіру өнеркәсібінің шамамен 20-25 пайызы Канада мұнайын пайдаланады. Канада мұнайының 70 пайызы АҚШ-қа экспортталады. АҚШ-қа импортталатын жеміс-көкөністердің шамамен 64 пайызы Мексикадан келеді.
Ақ үй аталған шара қымбатшылыққа апармас үшін қандай да бір шара қолданылатыны жөнінде айтпады.
КАНАДАНЫҢ ЖАУАБЫ
Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо мұндай шараға дайын екенін және жауап беретінін де мәлімдеді. Ол алдағы уақытта Канаданы "күрделі күндер мен апта" күтіп тұрғанын айтып, үкімет АҚШ-қа "лайықты жауап береді" деді. Ол баж салығын АҚШ-тың өзіне де, Канадаға керек емес шара деп атады.
No one — on either side of the border — wants to see American tariffs on Canadian goods.
— Justin Trudeau (@JustinTrudeau) January 31, 2025
I met with our Canada-U.S. Council today. We’re working hard to prevent these tariffs, but if the United States moves ahead, Canada’s ready with a forceful and immediate response.