×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

3 ақпан: қай жолдар ашылып, қайсысы жабылды

3 ақпан: қай жолдар ашылып, қайсысы жабылды
Жасанды интеллект/Ulysmedia

ҚазАвтоЖол өкілдері бүгін Қазақстанда қай жолдар ашылып, қайсысы жабылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АШЫҚ ЖОЛДАР

Абай облысында 3 ақпанда сағат 06:00-да " Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шек." автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды. 

Шығыс Қазақстан облысында 3 ақпанда сағат 06:00-да " Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шек." автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды. 

ЖАБЫҚ ЖОЛДАР

3 ақпанда сағат 01:10-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алматы облысында "РФ шек.- Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-ҚХР шек. " автожолының 59-143 шақырымы аралығында (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл обл. шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

3 ақпанда сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған. 

3 ақпанда сағат 01:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Мерке-Шу-Бұрылбайтал" автожолының 165-268 шақырымы аралығында (Бірлік ауылынан Бұрылбайтал ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

3 ақпанда сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған.

Бұған дейін синоптиктер 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.