Қазгидромет алдағы үш күнде күн күрт суытатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЗГИДРОМЕТ НЕ ДЕЙДІ
Мекеме алдағы үш күнде республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында ауа-райын атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптастыратынын, қар, жаяу бұрқасын, батыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстары болжанатынын айтады.
Елдің оңтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз, температура қолайлы болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшейетіні айтылады.
Түнде ауа температурасының батыста -8...-13°C дейін, солтүстікте, орталықта -13...-21°C дейін, шығыста -15...-30°C дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.