×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

Павлодарда өз көлігін өзі ұрлаған ер адам қамауға алынды

Павлодарда өз көлігін өзі ұрлаған ер адам қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Павлодарда ер адам өз көлігін тонауды өзі ұйымдастырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

2024 жылдың тамыз айында Павлодар қаласының полициясына бір ер адам келіп, белгісіз біреудің оған тиесілі 20 млн теңге тұратын Toyota Camri 75 маркалы автокөлігін тартып алғанын хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, ол бейтаныс адамды Усолка өзенінің арғы бетіне апарған. Көліктен шыққан соң, қаскөй оны ұрып, көлікке отырып кетіп қалған. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, шаралар қабылданды.

- Облыс полициясының жеке құрамына күдіктіні ұстау тапсырылды, кешенді күштер көтеріліп, арнайы жоспар енгізілді, - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

ТЕРГЕУ

Тергеу барысында терең тексерулер жүргізілді. Бірінші кезекте автокөліктің несиеде тұрғаны анықталды. Деректер базасын тексеру нәтижесінде 2024 жылдың сәуір айында жәбірленушінің осы көлікті Ташкент қаласына апарып, бір күннен кейін Қазақстанға оралғаны, алайда қайтарда басқа көлікпен келгені белгілі болды. Бұл жағдай тергеушінінің күдігін туғызды.

Қылмысты тергеу ары қарай жалғасты. Осы уақытта жәбірленуші тергеушіге күн сайын қоңырау шалып, істі жедел тергеуді, қаскөйді анықтап, іс бойынша сотқа жолдауды талап етті.

- Көрші елде де тиісті жұмыстар атқарылды: жаңа көлік иесі анықталып, тергеушінің күдігін растады. Сонымен қатар тергеу барысында автокөлігі бар жәбірленушінің қаржысы жоқтығы себепті несиені төлеу мүмкіндігі болмағаны белгілі болды. Ол  тонау оқиғасын ойлап тауып несиеден құтыламын деп ойлаған, – дейді ПД өкілдері. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Жәбірленуші көліктің бар екенін сахналап, оны бейнебақылау камераларына тіркеу үшін Астанадан шығып, 1 тамызда Павлодарға Toyota Camri 70 жалға алынған көлікпен келді. Кейін ол 102 телефонына хабарласып, өзіне қатысты жасалған қылмыс туралы мәлімдеді. Қазіргі уақытта ер адамға қасақана жалған денонсация жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.