×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

Әбілқайыр Сқақов ӘМСҚ басшысы қызметінен ресми түрде кетті

Әбілқайыр Сқақов ӘМСҚ басшысы қызметінен ресми түрде кетті

Әбілқайыр Сқақов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сқақовтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Бүгін ол ресми түрде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы қызметінен кетті.

СҚАҚОВ НЕ ДЕДІ

- Бұл менің ойластырылған шешімім. Маған сенім артқаны үшін мемлекет басшылығына алғысымды білдіремін. Осындай маңызды ұйымды басқару – үлкен жауапкершілік және осы бағытта жұмыс істеп, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру саясатын іске асыру мен үшін үлкен мәртебе болды. Қор ұжымына қолдауы және адал еңбегі үшін шынайы алғыс айтамын. Біз өткен жылы бірге көптеген қиындықтардан өтіп қана қоймай, жаңа жобаларды іске қоса алдық. Әріптестерім ӘМСҚ мен жалпы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі дамытады деп сенемін.

Сондай-ақ медицина және сарапшылық қауымдастықтағы әріптестеріме ерекше ризашылығымды білдіремін. Біз ашық пікір алмасып, кейде қызу талқыға түстік. Бірақ әрдайым ортақ мақсат – МӘМС жүйесін жетілдіру үшін жұмыс істедік. Осындай бірлескен тиімді жұмыс үшін көп рақмет! Біздің жұмысымызды әрдайым бақылап, бағалап отырған журналистерге, депутаттарға және барлық қазақстандықтарға алғысым ерекше. Сіздер Қор қызметін қатаң, әрі әділ саралап отырдыңыздар. Біз жұмысымыздың ашық әрі түсінікті болуы үшін еңбек еттік. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды болып қала береді, деп жазды Сқақов.