×
521.6
534.27
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.6
534.27
5.25

Марқұм болған қазақстандық чемпионның әкесі пәтерін сот арқылы қайтаруға мәжбүр болды

Марқұм болған қазақстандық чемпионның әкесі пәтерін сот арқылы қайтаруға мәжбүр болды
Фото: pixabay.com

Қайтыс болған чемпионның әкесі Семейдегі пәтерін сот арқылы қайтаруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕР

2022 жылы Семей қаласының тұрғыны Кашиас-ду-Сулда (Бразилия) өткен XXIV жазғы сурдолимпиада ойындарында сурдодзюдо бойынша өткен жарыста қола медаль жеңіп алған. Оған мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерді жалдау шартын жасасу арқылы қызметтік пәтер берілген.

Спортшы 2023 жылы қайтыс болған. Тұрғын үй қатынастары бөлімі марқұмның әкесі мұрагерлік құқығына куәлік алғанына қарамастан, тұрғын үйді жалдау шартын біржақты тәртіпте бұзған.

ШАҒЫМ

Спортшының әкесі тұрғын үй қатынастары бөлімі мен қала әкімінің өзімен шарт жасасудан бас тартуына шағымданып, онымен пәтерге меншік құқығын өтеусіз беру туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қоюмен жүгінген. ҚР Ұлттық Сурдлимпиадалық комитеті талап қоюды қолдап, спортшының жетістігін Қазақстандағы Сурдлимпиадалық қозғалыстың ілгерілеуін көрсететін маңызды оқиға деп атаған.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшыны баспанамен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларды атап өткен. Абай ауданының МАӘС-ы істі қарап, ол пәтер спортшыға Сурдлимпиада ойындарының жүлдегері ретінде берілгенін, бірақ қызметтік тұрғын үй ретінде тіркелгенін көрсетті.

ЗАҢДЫ МҰРАГЕР

Спортшының әкесі заңды мұрагер бола отырып, тұрғын үй қатынастары бөліміне даулы пәтерді өзіне қалдыру туралы өтінішпен жүгінген. Сот тұрғын үй қатынастары бөлімінің талап қоюшының отбасы мүшесі емес екендігі туралы дәлелдерін негізсіз деп тапты. 

Сондай-ақ, мұрагермен шарт жасасудан бас тарту «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 47-бабының 5-тармағын бұзатыны, оған сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері қайтыс болған жағдайда, тұрғын үйді тегін алу құқығы оның мұрагерлеріне өтетіні атап өтілген.

СОТ ШЕШІМІ

Жоғарыда айтылғандарға байланысты сот мемлекеттік органды онымен пәтерді меншігіне өтеусіз беру туралы шарт жасасуды міндеттей отырып, спортшының әкесінің құқықтарын қалпына келтірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.