Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесие беру тәртібіне байланысты арнайы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АРНАЙЫ ҚАУЛЫ
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесие беру мәселесіне байланысты арнайы қаулы қабылдады. Құжат микроқаржы ұйымдары қызметкерлерінің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
СОНДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ
Қаулыға сәйкес, мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл телефон арқылы, оның ішінде ұйымның бастамасы бойынша интернет желісінде қоңырау шалу үшін қосымшаларды пайдалана отырып, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде бір рет қана қоңырау шалу керек.
Қарыз алушымен өзара іс-қимыл кезінде оған берілетін ақпарат бойынша талаптар белгіленді, атап айтқанда кредитор мыналарды атап айтуы тиіс:
ЖОСЫҚСЫЗ ӘРЕКЕТТЕР
Сондай-ақ қаулы бойынша мынадай жосықсыз әрекеттердің тізбесі енгізілді:
Жоғарыда көрсетілген түзетулер 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
НЕСИЕНІ АЗАЙТУ
Сондай-ақ, қаулыд қарыз алушы – жеке тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде оның ақпараттандыру объектілері арқылы микроқаржы ұйымына жүгіну мүмкіндігі беріледі. Микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде, қарыз алушының микроқаржы омбудсманына жүгінуге болады. Ұйымның қарыз алушыны туындаған мерзімді кешіктіру және қарыз алушы-жеке тұлғаның берешекті реттеу үшін жүгіну құқығы туралы хабардар ету мерзімі күнтізбелік 20 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.