Қазгидромет синоптиктері 5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыс, солтүстік-шығыс түнде 3-8, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде -12-14°C, күндіз -4-6°C аяз.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ бар. Шығыс жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -9-11°C, күндіз 0-2°C аяз.
Шымкентте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Оңтүстік-шығыс жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -4-6°C аяз, күндіз +8+10°C жылы.
Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -20-25°C, облыстың шығысында -28°C, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде -10-15°C аяз, күндіз -10-15°C, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде -5°C аяз.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-17°C, күндіз -4-9°C аяз. Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың шығысында -18°C, күндіз -5-10°C аяз. Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Атырау облысының батысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс, шығыс секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -2-7°C, облыстың шығысында -10°C аяз, күндіз -2°C аяз, облыстың шығысында -5°C аяз. Атырауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 05 ақпанда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10°C, облыстың батысында -2°C, күндіз -2-7°C аяз, облыстың батысында +1°C жылы.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -9-14°C, облыстың оңтүстік-шығысында -17°C, күндіз -2-7°C, облыстың оңтүстік-шығысында -10°C аяз болады.Петропавлда тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыс жел 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -7-12°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -15-20°C аяз, күндіз 0-5, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -8°C аяз болады. Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты аяз -27°C градус күтіледі. Талдықорғанда 5 ақпанда түнде қатты аяз -25-27°C күтіледі. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -7-12°C , күндіз -2-7°C , облыстың шығысында -10°C аяз.Павлодарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екіпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8-13°C, облыстың шығысында -18°C, күндіз -2-7°C, облыстың шығысында -11°C аяз. Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың батысында -18°C, күндіз -2-7°C, облыстың батысында -10°C аяз. Қостанайда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Шығыс жел секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы -5-10°C аяз, күндіз -2°C, облыстың оңтүстігінде +6°C жылы. Қызылордада жауын-шашынсыз бұлт аз. Шығыс жел секундына 9-14 метр.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың батысында -7°C, күндіз -2-7°C, облыстың шығысында -10°C аяз. Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Маңғыстау облысында күн жауын-шашынсыз. Жел шығыс, солтүстік-шығыс секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-5°C, облыстың солтүстік-шығысында -10°C аяз, күндіз +3+8°C жылы, облыстың солтүстік-шығысында -2°C. Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс жел секундына 5-10 метр.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1-6°C, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында -11°C аяз, күндіз +6+11°C жылы, облыстың солтүстігінде -4°C суық.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -19-24°C, облыстың солтүстігінде, шығысында -30°C, күндіз -13-18°C, облыстың солтүстік-шығысында таулы аудандарда -5-10°C аяз болады. Өскеменде бұлт аз, жауын-шашынсыз.