×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Қамаудағы Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Қамаудағы Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді
Ulysmedia.kz коллажы

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер айтты. 

МӘН-ЖАЙ

Бишімбаев мекеме әкімшілігі оған жеңілдік жасамай отыр деп шағымданған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу шаралары берілмейді.

- Сотталушының бір заң бұзушылық болғаны ескеріліп, оған көтермелеу шарасы қолданылмаған. Сот сотталушының талап арызын қанағаттандырмады, дейді ҚАЖК өкілдері.

Ведомство өкілдері Бишімбаев нақты қандай заңбұзушылық жасағанын айтпады. 

БИШІМБАЕВ ІСІ

Еске сала кетсек, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылған. Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.