Алматыда ауаның ластану деңгейі ДДҰ нормасынан 5 есе жоғары болып шықты. Бұл туралы Almaty Air Initiative қоры жүргізген зерттеу нәтижесінде айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АЛМАТЫДАҒЫ АУА САПАСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Almaty Air Initiative қоры қаладағы ауа сапасына талдау жасады. Зерттеу жұмысында Алматыдағы ауаның ластануына қатысты негізгі деректер, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстыру жұмыстары жүргізілген.
- Бұл шолу қала тұрғындарының экологиялық жағдайды және оның денсаулыққа әсерін тереңірек түсінуіне көмектеседі, делінген қор есебінде.
ШКАЛА
AQI шкаласы бойынша 2024 жылы Алматыда:
2023-ПЕН САЛЫСТЫРУ
2024 жылдың желтоқсанында Алматыдағы ауаның ластану деңгейі 2023 жылдың желтоқсанынан асып түскен. Былтыр PM2.5-тің орташа жылдың концентрациясы 24,08 мкг/м3 болған. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормасынан бес есе жоғары.
Айта кетейік, PM2.5 – адам денсаулығына зиян ауаны ластаушы заттардың өте ұсақ бөлшектері. ДДҰ дерегі бойынша, оның жылдық орташа концентрациясы 5 мкг/м3-тен аспауы керек. Қазақстан үшін шекті рұқсат етілген норма – 35 мкг/м3.
ЕҢ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ
Алматы үшін ең қауіпті кезең – қараша мен ақпан аралығы екен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл жылыту маусымының басталуы мен атмосфералық инверсияға байланысты.
2024-ТЕГІ ЕҢ ЛАС КҮНДЕР
ЖАЗДА АУА ТАЗАРАҚ
Almaty Air Initiative қорының зерттеуіне сәйкес, қалада жазда ауа қысқа қарағанда бес есе таза. Мамыр айынан тамызға дейін, яғни жылы кезеңде көрсеткіш мейлінше жақсарған. Ең таза кезең – жаз мезгілі.
ЕҢ ТАЗА АУА ТІРКЕЛГЕН САҒАТТАР
Зерттеу мәліметінше, Алматыда таза уақыт таңғы 04.00-06.00 аралығы, ал ең лас ауа кешкі 19.00-21.00 аралығы екен.