×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Трамп Путинмен сөйлесті: олардың диалогы жайлы не белгілі

09.02.2025, 10:17
Трамп Путинмен сөйлесті: олардың диалогы жайлы не белгілі
Кремль

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАШАН СӨЙЛЕСКЕНІ БЕЛГІСІЗ

Ақш көшбасшысы New York Post газетіне берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады. Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Оның айтуынша, Ресей президенті "Украинадағы соғыста адамдардың өлімін тоқтатқанын қалайды".

Қашан сөйлескенін Трамп нақтыламады. Сондай-ақ, ол Путинге қанша рет қоңырау шалғаны туралы сұраққа жауап бермеді.

ТРАМП НЕ ДЕЙДІ 

Олар қанша рет сөйлескенін сұрағанда, "Трамп, менің ол жайлы айтпағаным дұрыс" деп жауап берді. Алайда ол Путиннің майдан даласындағы құрбандарға "шынымен алаңдайтынына" сенімді, - деп жазады газет.

Ол адамдардың өлімі тоқтағанын қалайды. Бұл өлгендердің бәрі жас, қарапайым адамдар. Олар сіздің балаларыңыз сияқты. Олардың екі миллионы кетті – мұның бәрі себепсіз болды, - деді Трамп.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа америкалық әкімшіліктің Украинамен және Ресеймен кеңесу жоспарланғанын айтқан болатын.

Сондай-ақ, АҚШ Украинаны жыл соңына дейін сайлау өткізуге шақырғаны хабарланды.