Алматы облысындағы Қарасай ауданында мешіт өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖД НЕ ДЕЙДІ
Оқиға 9 ақпанда таңертең Алматы облысындағы Қарасай ауданы Еңбекші ауылында болған. 50 шаршы метр алаңдағы мешітте жиһаз және шаруашылық заттар өртенген.
ТЖД ӘРЕКЕТІ
Шақыру орнына дереу 14 қызметкер және Алматы облысы ТЖД 4 бірлік техникасы жіберілді. Ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық – 22 шақырым.
ӨРТ ОҚШАУЛАНДЫ
Қабылданған жедел шаралармен өрт 50 шаршы метр алаңда оқшауланып, жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ӨРТТІҢ СЕБЕБІ
Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жіберілді.