Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚОСЫМША ДЕМАЛЫС КҮНІ
2025 жылдың наурызында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді:
Демалыс күндерінің ауысуына байланысты ел тұрғындары қосымша демалыс күні беріледі.
НАУРЫЗДАҒЫ ДЕМАЛЫС
8 НАУРЫЗДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ
Халықаралық әйелдер күні сенбіге түседі. Сондықтан демалыс 10 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады.
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЛАЙ ДЕМАЛАМЫЗ
2025 жылы мерекелік күндер жұма, сенбі және жексенбіге түседі. Осыған байланысты демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі мен сейсенбіге) ауыстырылады.
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕР
1 наурыз – Алғыс айту күні. Наурыздың екінші сенбісі – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні.
АЙТА КЕТЕЙІК
2025 жылы Қазақстанда 119 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің саны бойынша ең "ұзақ" ай наурыз — 14 күн, ал ақпан мен сәуір 8 демалыс күндері ең аз болады.