×
510.49
527.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.49
527.29
5.27

Қазақстанда былтыр қанша сәби дүниеге келіп, қанша адам өмірден озды

Бүгін, 16:03
Қазақстанда былтыр қанша сәби дүниеге келіп, қанша адам өмірден озды
Ulysmedia коллажы

Ұлттық статистика бюросы демографиялық ахуал жөнінде мәлімет таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕСМИ ЕСЕП НЕ ДЕЙДІ

2024 жылы 12 ай ішінде 368 670 сәби дүниеге келген. Оның ішінде ұлдар – 190 213, қыздар – 178 457. Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан (1000 тұрғынға 25,05 адам), Маңғыстау (24,47) облыстарында және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.

ҚАНША АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Аталған уақыт ішінде 133 592 адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,57), Шығыс Қазақстан (11,29) және Қостанай (10,18) облыстарында байқалды, бұл осы аймақтардағы халықтың жас құрылымына байланысты.

ҚАНША АДАМ КЕЛДІ

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда елге келгендер (ықтиярхат алған) саны 29 948 адамды құраса, елден 12 784 адам кеткен. Көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 17,9% көбейсе, елден кеткендер саны 20,4% азайған.