×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Ақтауда 18 жастағы мүмкіндігі шектеулі жігіт ұрланып, зорланды – адвокат

Ақтауда 18 жастағы мүмкіндігі шектеулі жігіт ұрланып, зорланды – адвокат
Ашық дереккөзден

Адвокат Ажар Әбділ Ақтауда бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастағы жігіт ұрланып, зорланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адвокат Facebook парақшасында былтыр 27 желтоқсанда Ақтау қаласының орталығынан мүмкіндігі шектеулі 18 жастағы жігіттің ұрланғанын, кейіннен зорланғанын жазды. Жәбірленушінің анасы бірден қалалық полиция басқармасына арыз берген, алайда тергеу жұмыстары жылжымай жатқан көрінеді.

МӘН-ЖАЙ

Адвокаттың айтуынша, арыз түскеніне қарамастан, полиция әлі күнге дейін бейнебақылау камераларындағы жазбаларды алмаған және қажет сараптамаларды тағайындамаған.

- Қажет сараптамалар әлі де тағайындалған жоқ. Бейнебақылау камераларының жазбалары алынбаған. Онда қала орталығында ақ түсті жол талғамайтын көлік (джип) мүгедек адамды алып кетіп жатқаны анық көрінеді. Бұл көліктің қозғалыс бағытын анықтау қиын емес, – деді адвокат.

Ол Ақтау қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановқа бұл істі жеке бақылауына алуды сұрап, үндеу жасады. Сондай-ақ, адвокат қылмыс жасалған уақыттан бері маңызды тергеу әрекеттерінің жүргізілмегеніне наразы.

- Жәбірленушінің анасы жергілікті полицияға сенбейді, себебі қылмыс болған алғашқы сағаттарда маңызды тергеу әрекеттері жүргізілмеген, – деді адвокат.

Адвокат бұл істі облыстық тергеу басқармасына беру туралы өтініш білдіретінін, өйткені тергеудің мұқият және әділ жүргізілуі қажет екенін айтты.